Жаңалықтар

Биылғы жылы өз жұмысын бастаған орталығымызда бес айдан астам уақыт 28 оқушы ұлттық біріңай тестілеуге, 6 оқушы кешенді тестілеуге дайындалған болатын. ҰБТ-ға дайындалған оқушылардың орташа көрсеткіші 105 балды құрады. Төменде үздік он оқушының нәтижесі: 

р/с Түлектің аты-жөні Қазақ тілі Математика Орыс тілі Қазақстан тарихы Таңдау пәні жалпы
1 Исабекова Сайра 25 24 25 25 24 (Химия) 123
2 Кумекбаева Әсия 22 25 22 23 24 (География) 116
3 Мырзабек Талғар 25 23 24 25 17 (География) 114
4 Серік Мөлдір 20 25 20 24 22 (Ағылшын) 114
5 Дәулетхан Жадыра 24 23 19 23 23 (Физика) 112
6 Қали Мөлдір 23 22 22 22 23 (химия) 112
7 Құрманжан Сәуле 24 22 16 21 21 (Қазақ әдебиеті) 104
8 Ерсін Мария 20 19 18 21 21 (Химия) 99
9 Еркін Қарақат 21 24 7 24 23 (Химия) 99
10 Омарова Айгүл 24 19 14 19 16 (Химия) 92
               
Осы орайда биылғы ұлттық біріңғай тестіге дайындаған төмендегі ұстаздар қосынына рахметімізді айтамыз, алдағы жылда бұдан да биік жетістіктерге жетуге күш салатындарына сенеміз!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:

Нақысбек Балжан – Астана қаласы «Нұрорда» қазақ-түрік лицейінің жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі. Қазақ тілі ғылымдарының магистрі.

Жақсылық Дариға Сайлаубайқызы – Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Математика пәні мұғалімдері:

Надиев Руслан Қайырбекұлы Астана қаласы №66 мектеп – лицейінің жоғары санатты математика пәні мұғалімі. Математика ғылымдарының магистрі. Республикалық мұғалімдер олимпиадасының қола медаль иегері.

Сердалы Айгүл Киікбайқызы – Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейінің жоғары санатты математика пәні мұғалімі. Математика ғылымдарының магистрі.

Қазақстан тарихы пәні:

Шаймерденова Динара Музаппарқызы – Астана қаласы, Халықаралық «Нұрорда» қазақ-түрік лицейінің жоғары санатты тарих пәні мұғалімі. Тарих ғылымдарының магистрі. Аға оқытушы.

Абсаттар Оразбек – Републикалық пән олимпиадасының Қазақстан тарихы бойынша екі мәрте күміс мадел иегері. Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі:

Акбар Иманалі –  Қос шет тілі (ағылшын тілі мен қытай тілі) маманы, ғылым магистрі.

Химия пәні мұғалімі —

Аятжан Ахметжан – орталық директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  «Құрмет» грамотасының иегері, химия ғылымдарының магистрі, жоғары санатты химия пәні мұғалімі, Қазбілім порталының бас редакторы, ақын, бірнеше оқу құралдарының авторы.

Физика пәні мұғалімі:

 Жақсылық Орынбасар  – Физика ғылымдарының магистірі, жоғары санатты физика пәні мұғалімі, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, айтыскер ақын. Пед өтілі: 3 жыл.

Қасымов Берікжан – Астана қаласы №66 мектеп-лицейінің жоғары санатты физика пәні мұғалімі, физика ғылымдарының магистрі.

Биология пәні мұғалімі:

Қасымова Ләзім Талғатқызы –  Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің жоғары санатты биология пәні мұғалімі. Биология ғылымдарының магистрі. Республикалық үздік бағдарлама конкурсының жеңімпазы.

Орыс тілі пәні мұғалімі:

Баймағанова Балмекен – Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейінің жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

География пәні мұғалімі:

Рахат Қымбат – Астана қаласы №66 мектеп-лицейінің жоғары гография пәні мұғалімі.

Осы орайды барша тлектердің армандаған оқу орындарына түсіуін, ал, барша ұстаздардың бұдан да биік белестерді бағындырып, елдің ертеңіне аянбай еңбек етуін тілейміз.

Республикалық «KAZBILIM» орталығы

Author: kazbilim

Добавить комментарий