Директор

АЯТЖАН АХМЕТЖАН Орталық директоры, химия пәні мұғалімі

ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері, жоғары санатты химия пәні мұғалімі,

химия ғылымдарының магистрі, Қазбілім (Kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын, журналист.

Туған жері: 1986 жылы 18 шілдеде ҚХР, Шұбар, Мұңғұлкүре ауданы;

Білімі: 2006-2007 жылдары Яссауи атындағы ХҚТУ дайындық курсы;

2007-2011 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Химия бакалавры;

2013-2015 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Химия ғылымдарының магистрі.

Жетістіктері

2012 жыл  «Алғыс хат» — оқушылар арасындағы Халықаралық №46 Менделеев олимпиядасының өтуі барысындағы белсенді еңбегі үшін Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.А. Қирабаеваның атынан;

2015 жылы «Алғыс хат» — Астана қаласы ұстаздар қосынын жетілдіруге қосқан үлкен үлесі үшін Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Э.А. Суханбердиеваның атынан;

2015 жылы Құрмет грамотасы — еліміздің дарынды оқушыларын оқыту мен тәрбилеуге қосқан үлесі және оларды қолдау мен жетілдіру жолындағы қол жеткізген табысы үшін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевтің атынан.

2017 жылы «Алғыс хат» — «Марғұлан олимпиадасын» жоғары дейгейде өткізуге қосқан үлесіңіз үшін. Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Ә.Жанғозин.

Үздік шәкірттері

Наурызбаева Айдана – Англия, The University of Sheffild студенті. Қалалық, Республикалық олимпиадалардың жүлдегері

Өміртас Нұриза – Назарбаев университетінің студенті. Республикалық пән олимпиадасының 2 мәрте қола медаль иегері, Президенттік олимпиаданың күміс медаль иегері.

Айманбетова Малена – М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті. Республикалық пән олимпиадасының қола, күміс, алтын медаль иегері. Халықаралық М.В.Ломоносов олимпиадасының химия пәні бойынша алтын медаль иегері.

Мұстахимов Диас – Астана қаласы Ө.Жәутіков атындағы физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы. Республикалық пән олимпиадасының екі дүркін қола медаль иегері. Халықаралық Сәтбаев олимпиадасынан грамота, Халықаралық Туймада олимпиадасының, Халықаралық А.Бектуров олимпиадасының жүлдегері.

Сапар Нұрсұлтан  – Астана қаласы Ө.Жәутіков атындағы физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы. Халықаралық Сәтбаев олимпиадасының қола медаль иегері. Республикалық пән олимпиадасының қола медаль иегері. Халықаралық Туймада олимпиадасының, Халықаралық А.Бектуров олимпиадасының жүлдегері.

 

Жарық көрген кітаптары

«Еркіме көнші, ей, өмір» жыр жинағы (2010)

«Элементтердің периодтық кестесі» (жаңа нұсқа) авторы (2012)

«Мінез» жыр жинағы (2016)

«Ұлт болам десең…» (мақалалар жинағы) (2017)

«Химия» есептер мен жаттығулар жинағы (2017)

«Химия» (оқу- әдістемелік құрал) (2017) атты кітаптардың авторы

 

Байланыс:

Тел: 8 (7172) 432 411; 8 702 931 8008; 8 707 931 8008.

E-mail: aiatzhan@gmail.com; aiatjan@mail.ru

www.aizere.kz 

https://www.facebook.com/aiatzhan

http://vk.com/aiatjan

https://www.instagram.com/aiatjan

https://twitter.com/aiatzhan