БІЗ ЖАЙЛЫ

Орталық тарихы

2013 жылдан бері ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосып келе жатқан «Қазбілім» порталы ұжымы қазақ баласының ертеңгі бəсекеге қабілетті ұлт тұлғасы болып жетілуі үшін ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде Республикалық «KAZBILIM» орталығы болып құрылып, өз жұмысын 2016 жылы ақпан айында бастады. Орталық екі бағытта қызмет атқарады:

  1. Білім беру
  2. Ақпараттандыру

Бүгінгі таңда орталықтың 3 оқу ғимараты, 25 дәрісханасы және жеке кітап дүкені бар. Орталықта 50-ге тарта мұғалім білім береді.

Республикалық шеберлік-курстардың тақырыптары:

  • Дарынды балаларды анықтау, дамыту жəне дарынды баламен жұмыс істеудің жолдары (мектеп мұғалімдеріне арналған);
  • Олимпиадаға дайындау жəне ұйымдастыру, олимпиада жеңімпаздарын дайындаудың əдістемесі (мектеп мұғалімдеріне арналған);
  • Пəндік олимпиада есептерін шешу жəне олимпиадаға дайындау əдістері (мектеп мұғалімдеріне арналған);
  • Жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындаудың тиімді əдістері (мектеп мұғалімдеріне арналған);
  • Ұстаз шығармашылығы (мектеп мұғалімдеріне арналған);
  • Мамандық жəне болашақ . Мамандық таңдаудың қыр-сыры (10 – 11 сынып оқушыларына және мектеп мұғалімдеріне арналған);
  • Ізденіс һәм нәтиже (оқушыларға арналған мотивациялық семинар-тренинг)

Біздің орталықтың 10 ерекшелігі:

  1. Бізде кез келген сабақтың бірінші сағаты сынақ мақсатында ТЕГІН!
  2. Оқушылардың білім деңгейін тексеру ТЕГІН!
  3. Аптасына бір рет сынақ ТЕГІН!
  4. Мамандық таңдау және білім саласында кез келген бағытта кеңес беру және көмектесу ТЕГІН!
  5. Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету және кеңес беру ТЕГІН!
  6. Орталықта Астана қаласындағы ЕҢ ҮЗДІК мектептердің ЕҢ ҮЗДІК ұстаздары сабақ береді!
  7. Орталық директоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері,  жоғары санатты химия пәні мұғалімі, химия ғылымдарының магистрі, kazbilim.kz порталының бас редакторы, ақын, журналист Аятжан Ахметжан оқушыларға айына бір рет ТЕГІН мотивациялық семинар-тренинг жүргізеді!
  8. Орталық Астана қаласындағы Республикалық деңгейде оқушылар мен ұстаздарға қосымша білім беретін ЖАЛҒЫЗ ОРТАЛЫҚ!
  9. Республика көлемінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқу әдістемелік құралдарын дайындайтын орталық.
  10. Шетелден келген қандастарды қазақстандық білім стандартына сапалы бейімдейтін ЕРЕКШЕ ОРТАЛЫҚ!

Жеңілдіктер

  • Егер орталыққа 3 ай немесе 5 айлық оқу курсына жазылса – 10%
  • Егер мектепке 6 ай немесе одан жоғары оқу курсына жазылса — 15%
  • Қазақстан Республикасында үш жылдан кем тұрған шетелден келген қандастарға – 15%
  • «Алтын белгі», «Үздік куәлік» үміткерлеріне – 10%
  • Қалалық немесе одан да жоғары деңгейдегі олимпиада жеңімпаздарына – 10%
  • Ерекше жағдайы бар отбасыларға -10%
  • Егер қасына 1 оқушы ертіп келсе, әрі ол оқушы кемінде 1 айлық курсқа жазылған жағдайда – 5%
  • Жалпы 3 сабаққа қатысқан оқушыға – 10%
  • Жалпы 4 немесе одан көп сабаққа қатысқан оқушыға – 15%
  • Бір отбасынан 2 немесе одан көп бала қатысса – 10%
  • Облыстардан келіп сабаққа қатысқандарға 20% жеңілдік!
  • Облыстар мен аудандарда шеберлік курстарды ұйымдастырушылар тегін курсқа қатыса алады.

Ескерту: Бір адам тек 1 жеңілдікті ғана таңдай алады.

Орталық бағыты

  • Мектепке дайындық;
  • Жаңа форматтағы ҰБТ-ғажәне кешенді тестілеуге сапалы дайындық(КТ);
  • Назарбаев университетіне дайындық;
  • Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық: «Назарбаев зияткерлік мектебіне» (НИШ), «Білім-инновация лицейлеріне» (бұрынғы ҚТЛ), Астана қаласы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне (РФМШ), дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне,  дарынды балаларға арналған №82 «Дарын» мектептеріне сапалы дайындық;
  • 1-11 сынып бағдарламасы бойынша қосымша білім беру;
  • Барлық пәннен әр деңгейлі пәндік олимпиадаларға дайындық;
  • «Алтын белгі» үміткерлерін, «Үздік куәлік» иегерлерін жеңілдікпен дайындау;
  • Дарынды балаларды анықтау, дамыту және бағыт беру жұмыстарын жүргізу;
  • Шахмат, тоғызқұмалақ, логикалық ойындар;
  • Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға дайындық;
  • Жас мамандарды тәрбиелеу, сертификаттау;
  • Оқушылар мен жас мамандарға арналған қалалық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыру;
  • Қазақ тіліндегі ҰБТ, пәндік олимпиадаларға және күнделікті сабаққа арналған арнайы материалдар дайындау және сату;
  • Тіл курстары (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілі, неміс тілі, француз тілі) және шет тілдердің дәрежелік емтихандарына (TOEFL, IELTS, HSK) дайындық;
  • Шетелден келген қандастарды қазақстандық білім стандартына бейімдеу.
  • Білім беру мәселелеріне арналған кеңестер беру;
  • Мамандық таңдауға арналған арнайы сабақтар жүргізу, кеңестер беру, мамандық таңдауға көмектесу;
  • Психологиялық тренингтер ұйымдастыру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;
  • Үздік ұстаздарға және білім ордаларына ақпараттық қолдау көрсету;
  • Республикалық деңгейде облыс, аудан, қала, ауылдарды аралап, мұғалімдер мен оқушыларға арналған шеберлік курстарды өткізу және сертификаттар беру.

Байланыс

№1-офис. Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38/2

№2-офис.  Жайдарман көшесі 1-үй, 1-қабат(Бауыржан Момышұлы мен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысы)

Тел: 8 7172 43 24 11 ; 8 775 431 8008; 8 707 431 8008.  

№3-офис. Астана қаласы, Сарыарқа көшесі 31/2. «Запад» тұрғын үй кешені, 3-қабат (Сарыарқа көшесі мен Жангелдин көшесі қиылысы)

Байланыс: 8701 531 8008; 8776 531 8008.  

E-mail: kazbilim@gmail.com

www.facebook.com/kazbilim          vk.com/kazbilimkz

www.instagram.com/kazbilim       twitter.com/kazbilimkz

Толық ақпарат www.kazbilim.com сайтында